МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ
АҚТӨБЕ МҰНАЙ МАШ КОМПЛЕКТ
ИНЖИНИРИНГТІК КОМПАНИЯСЫ

«Ақтөбе мұнай маш комплект» ЖШС – мұнайгаз саласындағы күрделі жүйелер құрылысын салу және жөндеу, оларды сапалы пайдаланып, диагностикалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын атқарады. Компанияның әрбір сәтті жобалық жұмыстары өз істерінің кәсіби мамандарынан құралған топтың арқасында жүзеге асады.



Сіздерге әрқашан қызмет көрсетуге дайынбыз

Біздің мақсатымыз – сапаны толық басқарып отыру арқылы клиенттеріміздің күткенінен де артық нәтиже көрсету. Міндетіміз клиенттеріміздің өз мақсатынтарына қол жеткізуіне көмектесу үшін экономикалық тұрғыдан тиімді әрі сенімді шешімдер қабылдап, олардың жүзеге асуын қамтамасыз ету болып табылады.

Біздің миссиямыз


Компанияның тәжірибесі Қазақстан нарқындағы беделді компаниялармен өзара көпжылдық әріптестік құруымен расталады. Клиенттердің бізге деген сенімінің өзі біздің жетістігіміз болып саналады.

Компанияның құрылған сәтінен (2003 жыл) бастап, орталықтандырылған және жігерлі басшылықтың, сонымен қатар қазақ-қытай мамандардың бірлесе күш жұмылдыруының, технологиялық үздіксіз (тұрақты) түрлену мен жөндеу-әзірлеу үдерістерін жетілдірудің, техникалық қызмет көрсету және нысандар салу деңгейін дамытудың арқасында компания акционерлердің сеніміне ие болды.

Компания лицензияланатын қызметтің бірнеше түрімен айналысады, олардың негізгілері:
1. Мұнай өндірісі жабдығын жөндеу
2. Машина өнімдерін әзірлеу
3. Сервистік қызмет көрсету
4. Құрылыс-жөндеу жұмыстары

Сонымен қатар қысыммен жұмыс жасайтын сосудтарды, жоғары және төмен қысымды құбыржелілерді есептеп, әзірлеу, қазандықтарды жөндеу және орнату, электржабдықтарды жөндеу, оларды кен орындарына орнату, берік дефектоскопия қызметі және өлшеу аспаптарын жөндеу жұмыстарын жасайды.

Біз компания имиджінің тек бизнестік әріптестеріміз мен клиенттеріміз үшін ғана емес, сонымен қатар жалпы қоғамда да сенім мен беделге ие болуына ұмтыламыз.



430 қызметкер


Өндірістік ғимараттардың ауданы 22 251,2 м2


Компанияның
96 000 м2-лік алаңы


280 қарапайым және арнайы жабдық


Механизмдер мен жабдықтарды жөндеу және сервистік қызметтің 30 түрі.

ӨНІМ ӨТКІЗУ ЖЕЛІСІ

«Ақтөбе мұнай маш комплект» ЖШС сапалы қызмет кешенін жеткізуші және Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі мұнайгаз саласы компанияларының сенімді серіктесі болып табылады: