ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ



Құбыржелілер құрылысы

«Ақтөбе мұнай маш комплект» ЖШС магистралды болат газқұбыржелілері мен мұнай өнімдері желілерінің құрылыс жұмыстарын жүргізу мүмкіндігіне ие. 2009 жылы біз «СНПС - Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Жаңажол МГК-дағы №1 зауыттың тұрмыстық ағын қалдықтарын ағызу және №2 зауыттың сүзгілеу алаңындағы құбыржелілерді жүргізу жұмыстарын орындадық.


ЖҚКЖ құрылыс жұмыстары

Бізде көлемдері әртүрлі резервуарларды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар емкостерді, резервуарларды және қысыммен жұмыс жасайтын сосудтарды өз бетінше әзірлеуге қажетті ресурстардың барлығы бар.
Біз тапсырыс берушінің ЖҚКЖ құрылысы, монтажы және демонтажы жөніндегі кез келген талаптарын орындай аламыз. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы «Жаңажол» кенішінен 57 шақырым жердегі «Солтүстік Трува» кенішіндегі жер қабатына су айдау жүйесін кеңейту станциясының құрылысын жобалап, жүзеге асырдық. Станция жоғары қарқынды су жолдарына келетін және одан әрі жер қабатына қысыммен су айдау ұңғымаларына баратын суды қысыммен айдауға арналған.

Жер қабатына су айдау жүйесін кеңейту:
- суға арналған резервуардан
- сүзу блогынан
- реагент блоктарынан
- демеу блогынан
- жер қабатына қысыммен су айдайтын жоғары қысымды блоктан тұрады



«Кеңқияқ-тұз қабаты астылық кен» кен орнындағы 50 000 м³-лік резервуардың реконструкциясы, 2009 жыл.
ЖҚКЖ демонтажы және құрылысы.
Дәнекерлеу, жалпықұрылыс және электрмонтаждық жұмыстар, өртке қарсы жүйені монтаждау
«Жаңажол» к/о-дағы (СТ-1) мұнай сақтауға арналған 1000 м³-лік резервуардың реконструкциясы, 2009 жыл
ЖҚКЖ реконструкциясы.
Дәнекерлеу, жалпықұрылыс және электрмонтаж жұмыстары.




«Кеңқияқмұнай» МГӨБ газлифтілік компрессорлық станциясындағы (әрі қарай - ГЛКС) газ кептіру колоннасын жобалау және оның құрылысы «Кеңқияқ-тұз қабаты астылық кен» кенішіне арналған, газдың жобалық өнімділігі тәулігіне 50×104 Нм3 (температура 20°С, қысым 101,325 кПa болған кезде), ГЛКС газлифтісінде қолданылатын технологиялық газды үш колоннаны пайдалану арқылы кептіруге арналған.



«Кеңқияқмұнай» МГӨБ-ның көпфазалық мұнайлы ортаны айдау үшін пайдаланылатын «Кеңқияқ-тұз қабаты астылық кен» кенішіне арналған МФНС-2 мультифазалық насостық станциясының жобасы және құрылысы. МФНС-2 станциясы блок түрінде салынған мультифазалық жүйе болып табылады, 2015 жыл.



Проектирование и строительство установки осушки газа газлифтной компрессорной станции Оңтүстік (ДНС Оңтүстік) кенішінен келетін тазартылмаған газды қабылдап, сығымдайтын және әрі қарай компрессорлардың көмегімен 9,0-11,0 Мпа-ға дейінгі қысыммен газлифт жұмысын атқаратын және жобалық өнімділігі тәулігіне 300×104 нм3 болатын ГЛКС-4 газлифтілік компрессорлық станциясындағы газ кептіру қондырғысының жобасы мен құрылысы.



2015 жылы қысыммен бу айдау бойынша жобалық өнімділігі жылына 9,36×104 т болатын Құмсай тұз қабаты үстілік кенішін жобаланып, құрылысы салынды және қажеттіліктерді өтеу үшін 160 кВ-тың қосалқы станциясы бар әуе желісі салынды.